
Хе Инна
Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы
Маған шын мәнінде қазақ тілін Кубаева И.К. методикасымен оқыған өте ұнайды. Қазақ тілінде сөйлеу кезінде қиналған сәттер бұл методика арқылы маған оңай берілді.
Кітаптағы материалдар да жүйелі жазылған, анықтамалар мен ережелер оқушыға түсінікті, қарапайым түрде берілген. Дәріс берушілердің де еңбектерін айтпай кету мүмкін емес.
Ең бастысы сөздік қорының бай болуы, себебі қазақша сөздерді неғұрлым көп білсең, соғұрлым нәтижиесі де сапалы болмақ.
Анна Шуткина
Тележүргізуші, тілші
Мен Қазақстанда туып-өскен себептен жалпы түрде қазақша түсінемін. Алайда еркін сөйлеуге мүмкіндігім жете бермейтін. Алғаш рет қазақ тілін үйрену үшін «Қазақ тілі. Kazakh language Made easy» курсына келгенде шынымен таң қалдым. Оқыту жүйесі қабылдауға өте оңай және қарапайым жасалған. Дәстүрлі емес сабақтар көп, яғни тек қана жазу оқу- емес, сондай-ақ сан қилы тақырыптарға ойын түрінде де сабақтар өткізілді.
Бұл жүйемен оқудың тағы бір ерекшелігі тек қана қазақша үйреніп қоймай ағылшын тілінен де біраз мағлұматтар алу мүмкіндігі бар. Себебі, ережелер мен анықтамаларды тек орыс тілімен емес ағылшын тілімен де қоса салыстырып отырады. Қазақ тілін түсіну және қазақша сөйлей алу кең бағытта жол ашады деп ойлаймын, себебі қазақша білсең бұл тілге туысқан, жақын, ұқсас тілдерді түсінуге мүмкіндік туады. Мысалы: өзбек, қырғыз, татар, башқұрт т.б.
Қазақ тілін үйреніңіздер, бұл қызықты әрі қажет! Бұл істе Сізге сәттілік тілеймін!
Айбек Алдабергенов
Мен бұрын қазақ тілін басқа әртүрлі оқулықтармен оқып үйренуге ынталандым. Бірақ, нәтижеге жету маған қиынырақ болды, себебі оларда жүйелілік байқалмады.
Бір күні «Абырой» орталығы туралы естіп, осы орталықтын «Қазақ тілін еуростандарт бойынша оқыту» курстарынан /30 сағаттай/ сабақ алдым. Осы орталықтың «Қазақ тілі. Kazakh language Made easy» оқулығымен оқи бастадым.
Осы әдістің арқасында мен өз білімімді жетілдірдім. Бұл әдіс өте тиімді деп айта аламын. Себебі бірнеше сабақтан кейін-ақ нәтижесі байқала бастады. Ақырындап қазақ тілін білетін әріптестеріммен қазақша сөйлесе бастадым. Қазір қазақ тілінде жақсы сөйлеп жүрмін. Жазуға да машықтанып қалдым. Қысқаша хаттарды қатесіз жазамын ол мен үшін жетістік. Осы әдістемені ұйымдастырушыларға үлкен рахмет, сондай-ақ «Абырой» орталығы ұстаздарына алғысымды білдіремін.


Тіркелу




