Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

www.abyroi.kz сайты ашылды

Қазақ тіліне жанашыр тағы бір сайт ашылды! Ғаламтордағы www.abyroi.kz мекен-жайында орналасқан интернет-парақ қазақ тілін үйренгісі келетіндер мен қазақ мәдениетімен танысқысы келетіндер үшін ашылған. Сайт, әсіресе, Қазақстанға келетін шет елдіктер үшін өте тиімді. Ол ұсынып отырған өнімдер қазірдің өзінде қазақ тілін үйренушілерге көп пайдасын тигізді. Тілші материалы.

Интернет пайдаланушылардың көзайымына айналып үлгерген сайт үш тілде бірдей сөйлейді.Ізгі ниетті оқырманға әрдайым есігі ашық. «Абыройдың» ғаламторда абыройлы болуы,әлбетте қазақ тілі мен мәдениетіне жанашыр жандардың белсенділігіне байланысты дейді ұйымдастырушылар.

Мейрам Мұқышев – сайт редакторы

«Сайт қазіргі таңда 3 тілде жұмыс істеп тұр. Шетелдіктер үшін бүкіл ақпарат ағылшын тілінде. Әлемнің қай түкпірінен болсын, кіре алады. IP-адреспен күн сайын осы сайтқа кіріп жатқан шетелдіктердің саны артып отыр».

Жаңалықтар парағы күн сайын жаңарып тұрады. Ал, «Қазақтану» айдары қазақ халқының салт-дәстүрінен түсінік беріп, ұлттың ұлы адамдары туралы әңгімелейді.Аз уақытта «Абырой» бітірген үлкен шаруа – қазақ тілін ерекше әдістеме бойынша үйрететін оқулықтар. 5 деңгейден тұратын кітаптың берері мол дейді мамандар.

Ираида Кубаева – педагогика ғылымдарының докторы

«Еуростандарт негізінде жазылған бұл оқулық кешені өзге тілді азаматтарға арналған. Осы кешен арқылы оқушыларымыз қазақ тілін жеңіл жолмен, оп-оңай, 102 сағатта үйреніп алуға әбден мүмкіндік алады».

Жаңа әдістеме өз өміршеңдігін көрсетті. Осы оқулықтар негізінде қазір түрлі мекемелерде сабақтар өткізіліп жатыр.

«Сіз айтып көріңізші, екінші мысалмен, 2-ші сөзбен. – Мен жұмысқа барамын. – Осы шақ. Мен жұмысқа бара жатырмын».

Ұлты кәріс Иннаның қазақ тілін үйрене бастағанына 3 ай болды. Енді үш айда тілді толық меңгеремін деп жоспарлап отыр.

Инна Хе – қазақ тілін үйренуші

«Қазақ тілін оқу маған ұнайды. Мен қазір қазақ тілінде оқу білемін, аздап түсінемін».

Мұның бәрі «Абырой» қазақ тілі мен мәдениетін дамыту қорының алғашқы кәдесі ғана. Қордың жоспары қомақты.Соның ішінде интернет парақшасын мультимедиялық кейіпте жаңарту да бар.

«Жетінші арна»
Астана.Ақсәуле Әлжан