Сеул қаласында елбасы Н.Назарбаев атымен аталатын қазақ мәдени орталығы ашылмақ. Кореяда қазақ тілінен дәріс беріп жүрген Сон Ён Хун атты профессор осындай бастама көтеріп отыр. Тіпті ол демеуші де тауып қойыпты. Профессормен біздің тілшіміз Владислав Цой тілдесіп қайтты.
Владислав Цой – тілші
«Біздің қазақ туымызды, Кореяда, арқашан Қазақстан елшілімізде және Ёнин қаласындағы шетел тілдер университетінің қасында көруге болады. Ёнен университетінде өзара қазақ тілінде шүйіркелескен жастарды және домбыраның қоңыр үнін тыңдауға болады. Бұл ортаның да өз «гүлдер» ансамблі бар. Ал, билеп жатқан жастардың қазақ не кәріс екенін ажырату қиын. Қазірі кезде Кореядағы фирмалар Қазақстанды ыстық ықыласпен қабылдап жатыр. Қазақтың өнерін Кореяда насихаттап жүрген мына азамат, профессор Сон Ён Хун. Ол бұрын қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде дәріс берген. Қазақ халқының болмысына деген қызығушылығы сол кезде ояныпты».
Сон Ен Хун – шет тілдері университетінің профессоры
«Казакстандагы жагдайды сыз жаксы былесыз. Орысша былмесе кешкене киын болады. Сондыктан оку жоспарын озгертып казак тылымен қатар аптасына быр-екы сагат орыс тылін де окытып жатырмыз».
Ал, корейліктердің қазақ тілін үйренуіне жетінші арна мен «Абырой» қорының ағылшын тілінде ұсынған кітабы көмектесуде. Профессор Сон Ён Хун болашақта Сеулде қазақ мәдени орталығын ашуды армандап жүр. Тіпті Кореяның бірнеше компаниясы қол ұшын беруге де дайын екен. Ғалымның құлшынысын Корея үкіметі де қолдады.
Ю Ин Чон – Корей Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрі
«Мәдени орталық ашу жоспарда бар. Бұл Қазақстанның Кореядағы жылы қарсаңында жүзеге асуы мүмкін. Қазақстан таңғажайып ел».
Ал, Қазақстандағы Корейлер қауымдастығы жаңа орталыққа ұлттық нақыштағы құнды жәдігерлерді беруге әзір. Профессор арманы келер жылы жүзеге асуы мүмкін. Себебі, 2011 жыл Қазақстандағы Корея жылы болып жарияланды.
Оңтүстік Корея
Кенже Кәрібаева, Владислав Цой


Тіркелу




