Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

Қарағандының симфониялық оркестрі Испанияда рождестволық концерт береді

Қ. Байжанов ат. Қарағанды концерттік бірлестігінің симфониялық оркестрі Испанияға гастрольге аттанды, деп хабарлайды облыстық мәдениет басқармасы.

«Қарағандылық симфониялық оркестр гастрольмен Испанияға аттанды. Шетелдік турнеде ұжым украиналық дирижер Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен өнер көрсетеді», – деп хабарлайды сейсенбі күні мәдениет басқармасы.

Қазақстандық музыканттар Испания жұртшылығына рождестволық концерттер қояды. Бағдарлама негізінен Штраустың туындыларынан құралған.

Алғашқы концерт Таррагона қаласында өтеді. «6 қаңтарға дейін оркестр Испанияның жеті қаласында концерт қояды», – деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасы.

Бұл қарағандылық симфониялық оркестрдің Испанияға алғашқы сапары емес. Музыканттар бұл елге осыдан 4 жыл бұрын барған. Оркестр Франция мен Германия елдерінде де нер көрсеткен.

Дереккөз: ҚазТАГ