- Баянауылда, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туған жерінде 13-14 мамыр күндері алғаш рет қазақстандық және ресейлік оқушылардың олимпиадасы өтеді.
Бұл білім жарысы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып отыр, деп хабарлады білім басқармасынан.
«Қаныш Сәтбаевтың үлкен ерекшелігі сол, ол химикпен де, биологпен де, тарихшымен де және филологпен де олардың өз ғылыми тілінде сөйлесе алады», - деген еді кезінде ғалым туралы Мұхтар Әуезов. Ұлы ғалымның осынау ерекшелігі физика, математика, химия және биология пәндері бойынша өткелі отырған зияткерлік жарыстан көрініс тауып отыр.
Қ.Сәтбаев атындағы олимпиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамына Қазақстан мен Ресей ғалымдары кірген. Қазылар алқасының төрағасы - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Минералдық ресурстар халықаралық академиясының мүшесі Темкен Жәутіков.
Төрт пәннің біреуі бойынша абсолюттік нәтиже көрсеткен жеңімпаз ел құрамасының қатарына кіреді. Олимпиаданың барлық жүлдегерлеріне сондай-ақ қазақстандық және ресcейлік ғылыми Жазғы мектептерге жолдамалар беріледі.
ПАВЛОДАР. 5 мамыр. ҚазАқпарат


Тіркелу




