Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

Павлодар облысында 31 мәдениет нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 280 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді

Павлодар облысында 31 мәдениет нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 280 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлады Мәдениет басқармасының бастығы Қанат Кәрімов.

Екібастұз қаласындағы, Баянауыл және Ақтоғай аудандарындағы мәдениет үйлері, Қашыр және Ертіс аудандарындағы екі кітапхана мен 26 ауылдық клуб жөндеуден өткізіледі.

Железин және Павлодар аудандарында, Екібастұздың ауылдық аймағында он ауылдық клубты да қайта жөндеуден өткізу жоспарда бар.

Ертіс ауданының Қызылжар ауылында ауылдық клуб ғимараты қайта сатып алынды, ол жөндеуден өткізілгеннен кейін коммуналдық меншікке беріледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат