Қадірлі ағайын! Ана тіліміздегі басылымдардың қатары тағы бір газетке артты! Алматы қаласында «Арда» жас ақындар үйірмесінің ұжымдық еңбегімен «Арда» жас ақындар газеті дүниеге келді.
Жастарға қызықты түрлі тақырыптарды қамтитын бұл газеттің өзіндік ерекшелігі бар. «Арда ақпарат», «Қазақтың тілі», «Ақындық – Алланың сыйы», «Әлем әдебиеті», «Сезім тамшылары», «Қызық шумақтар мен бұзық шумақтар» атты айдарлары бар бұл басылым жастар үшін аса қызықты мәліметтер берумен қатар, ақындық өнерді мүлде басқа қырынан танытады.
«Арда» газетінің жуырда шыққан арнайы нөмірінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің, ҚР байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің және ҚР мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтау лебіздері басылып шықты. Саналы жастарға арналған сапалы басылым баршаларыңыздан қолдау табады деп сенеміз. Газеттің Қазпошта арқылы жазылу индексі – 64403.
Дереккөз: alashainasy.kz


Тіркелу




