10 тамыз күні Астана қаласынан ел аймақтарына аттанған «Менің Қазақстаным» ақпараттық-насихаттық пойызының бірінші күнгі сапары Арқалық қаласындағы мерекелік концертпен аяқталды. Қала тұрғындарының алдында республиканың белгілі шығармашылық топтары, сондай-ақ қазақ эстрадасының жұлдыздары концерт қойды.
Іс-шаралар аясында ҚР мемлекеттік қызметі мен ведомстволарының өкілдері азаматтарға медициналық және заңдық кеңес беріп, қала халқы үшін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларында кездесулер ұйымдастырылды.
«Менің Қазақстаным» пойызының келесі аялдамасы Қостанай облысының Рудный қаласы болады.
Іс-шара жылдың соңына дейін үш сатыда жалғасады. Осы уақыт ішінде сапарға қатысушылар 15 мың шақырымды жүріп өтеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат


Тіркелу




