Корпоративный Фонд развития казахской культуры и языка "Абырой"

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да тіл мәселесі талқыланады
«24 ақпанда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан  Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, профессор  Т.М.Әбдікәрімнің 70 жасқа толуына орай «Ана тілі аясы: тіл мен әдебиет  теориясы және лингводидактика мәселелері» атты республикалық  ғылыми-теориялық және әдістемелік конференция өтеді»,-деп хабарлайды  аталмыш университеттің баспасөз қызметі.

Конференция барысында тілдің теориялық мәселелері, ана тілді оқытудың  әдістемелік мәселелері, әдебиет теориясының мәселелері, соның ішінде  қазақ педагогикасының жеткен жетістіктері мен алдағы даму бағыттары  жан-жақты сараланады деп күтілуде.

«Жалпы педагогика ілімінің қай елдің ғылымында болсын құрметті орында  тұратыны белгілі. Бұл сала арқылы өтпеген, оған мойын бұрмаған ғалым  кемде-кем. Ғылым-білімнің барлық саласының осы ілімге бой ұруы да заңды  құбылыс, өйткені, педагогика – тәрбие беру мен білім беруді қатар алып  жүретін бірден-бір ілім. Оның қыр-сырын түйсіне білген адам  өз бойына  имандылық, еңбек, отансүйгіштік, эстетикалық, экологиялық тағы басқа да  тәрбие түрлерін дарытып, адамгершілік тәлімдерін дамыта отырып, өзіндік  құзыреттілігін қалыптастырады. Бұл адамзатқа тән педагогикалық  тағылымның ортақ мәселелері. Конференцияның маңызды тұстарының бірі  осында», – делінген баспасөз баянында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Астана туралы киноальманах ел экранына наурызда шығады
Қазақстан кинотеатрларында биылғы жылдың 8 наурызынан бастап «Жүрегім менің – Астана» атты киноальманах көрсетіле бастайды.

Киноальманах ресейлік режиссерлар – Егор Михалков-Кончаловский мен  Алексей Голубевтің қазақстандық кинематографистермен бірігіп түсірген  жобасы.

Картина он новелладан тұрады. Атап айтқанда, фильмге  «Сағаттар» (реж.  Алексей Голубев), «Дарина» (реж. Джулия Гани), «Онлайн» (реж. Айдар  Баталов пен Алексей Голубев), «Тосын сый» (реж. Эля Гильман), «Нарғыз»  (реж. Рашид Сүлейменов), «Бека» (реж. Егор Михалков-Кончаловский),  «Легионер» (реж. Рүстем Әбдірашев), «Квест» (реж. Жасұлан Пошанов), «Әке  өсиеті» (реж. Фархад Шәріпов), «Жүрек» (реж. Сергей Дебижев)  новеллалары кірген.  Мазмұны мен мәні жағынан сан алуан новеллалар бір  қала жайында баяндайды.  Махаббат, достық, өткен және болашақтағы  оқиғалар еліміздің бас қаласы – Астанада өрбиті.

Фильмді жасауға Қазақстан, Ресей, Грузия, Беларусь және АҚШ-тың  актерлары, режиссерлары, операторлары мен музыканттары атсалысты.   Туынды үшін Астана келбетінің 500 көрінісі түсірілді. Қала жылдың төрт  мезгілінде де көрініс табады.

Жобаға Санжар Мәдиев, Бибігүл Ақтан, Евгений Жұманов, Наталия  Орынбасарова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Нұрлан Өтешев, Сұлушаш Кәрімова,  Валерий Задорновский, Айнұр Ниязова сынды қазақстандық  актерлармен  қатар, грузин актері Баадур Цуладзе, ресейлік актерлар Любовь Толкалина  мен Сергей Никоненко түсті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Forbes Қазақстан «жұлдыздарының» қайсы табысты екенін анықтады
Ресейдегі «бай жұлдыздар» тізімін циркач бауырлар Запашныйлар бастап тұр  екен (бір жылдық табысы – 5,7 миллион доллар). Екінші орынды  Григорий  Лепс иеленсе (5 миллион  доллар), сахналасы Филипп Киркоров та шансон  әншісінен қалыса қоймайды. Максим Галкин мен Алла Пугачеваның табысы 4,7  және 4,5 миллион долларды құрайды. Тимур Бекмәмбетов 4 миллион, Дима  Билан 3,7 миллион, Николай Басков 3,6, Валерия  3,5 және Валерий Меладзе  бір жылда 3,2 миллион доллар табыс тауыпты.

Қазақстан әншілерінің табысы байшыкештеріміздің қалтасын қағатын  ресейлік әріптестерімен теңесе алмайды. «Ауылдағының аузы сасық» деп, өз  әншілерімізге миллиондап ақша шашуға қимаймыз. Сондықтан қазақстандық  бұлбұлдардың табысы жылына 1 млн. долларға жетпейді. Бұл туралы  зерттеуді Қазақстандағы Forbes журналы жариялап отыр. Сонымен, отандық  «10 қалталы әртіс» тізімі төмендегідей.

1. «МузАРТ» тобы. Вокалды-аспаптық ансамбльдің былтырғы табысы 800 мың  АҚШ долларын құрады. 2011 жылы құрылғанына он жыл толған топ мерейтойын  атап өткен болатын. Дегенмен басты табыс концерттен емес, тойдан  түсетіні белгілі. Ел сүйіктілерін тойға шақыру үшін қалтаңызда 10 мың  долларыңыз болуы шарт екен. Сонда жігіттер музыкалық сүйемелдеумен  келіп, «жанды» дауыспен құлағыңыздың құрышын қандырады. «Ғашық жүрек»  фильмінің екінші бөлімін түсіргенде Баян Есентаева: «Мейрамбек Беспаевқа  қаламақты төлейміз деп қалтамыздан қағылдық» дегені бар. Расында,  Мейрамбек 1 күндік түсірілім үшін 7000 АҚШ доллар қаламақыны қалтаға  басыпты. Алайда топ әртістерінің атынан Сәкен Майғазиев: «Біз бай  емеспіз, бар тапқанымызды өнерге саламыз» деп жауап береді.

2. Батырхан Шүкенов. Бұрынғы «А-студиолықтың» жылдық табысы 720 мың АҚШ  долларын құрапты. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы тұңғыш «Ізгілік елшісі»  былтыр тағы бір «Алтын граммофонды» қоржынға салып, «Алдар Көсе»  сериалына продюсер атанғаны белгілі.

3. Баян Есентаева. Актрисалығы, тележүргізушілігі, шамалы ғана әншілігі  қаржыны күреп таппаса да, Баянның қарымды продюсерлігі бір жылда 700 мың  доллар пайда әкеліпті. Оның «Ғашық жүрек» фильмі отандық прокаттағы ең  табысты киножоба болып есте қалды. Ал аталған фильмнің екінші жартысы  600 мың долларға түсіріліп, 1 млн.-ға жуық табыс тапты.

4. «Наша Казаша» жобасы да 700 мың доллармен үшінші орынға жайғасыпты.  Қазақты қанша масқаралап жатса да, «ауылбайлықтарға» әбден күлетін  шалақазақтар жігіттерді нәпақасыз қалдырмапты.

5. Ділназ Ахмадиева. Былтыр тұрмысқа шыққан Ділназ ханымның табысы 370  мың АҚШ доллары дегенде, расы керек, таңырқап қалдық. Өйткені марқұм  Мұрат Насыровтан кейінгі «ұйғырдың бас әншісі» болып отырған «шығыс  сұлуын» телеарналар мен концерттерден жиі көрмейтін болдық. Бір  кездегідей «золотойлап» дүрілдеп тұрмағанын да байқаған сияқты едік…

6. Роза Рымбаева. «Қазақ сахнасының примадоннасы» атанған Роза Рымбаева  Баян мен Ділназ сияқты сіңлілеріндей әбжіл болмай шықты. Талантты  әншіміздің табысы 350 мың доллар. Роза Рымбаеваны тойға шақырам деп  тыраштансаңыз 7-8 мың долларды алдын-ала дайындап қоюға міндеттісіз.

7. Мәдина Сәдуақасова. Былтыр «Ақ Азиаданың» ашылуында (қанша қаламақы  алғаны белгісіз) елді ұлардай шулатып, біраз сынға ұшыраған «тартымды  әншінің» жылдық табысы 300 мың АҚШ долларына жетіпті. Алайда жақын арада  тұрмыс құрмақ ниеттегі бикеш көзге көрінетіндей ештеңе сатып алмағанын,  тапқан табысын сахналық киімдеріне жұмсайтынын айтады.

8. «FM» тобының жылдық табысы да Мәдинадан қалыспайды. Қазақстандық  «ВиаГРА» атанған үш қыз 300 мың доллар тауыпты дейді. Кім білсін…

9. Мақпал Исабекова. «Тұз сатудан гөрі бизнес-жоба ретінде Мақпал  Исабекова тиімді» деген продюсер Ерік Тастембековтің «алтын дауысты»  жобасы бір жылда 250 мың АҚШ долларын тауыпты. Әншінің бір әні 571  доллар тұрады екен. Қызымыз 7 ән орындаса, 4 мың долларыңызды қағып  кетеді.

10. Әсел Сағатова. Былтыр келін атанған актрисаның (және модель) жылдық табысы 97 мың АҚШ долларын құрапты.

«Форбс» тізіміне Қыдырәлі Болманов бастаған «Ұлытау» тобының қалай  кірмей қалғанына таңырқадық. Жеке кәсіпкер ретінде доңғалағы «зыр  жүгіріп» тұрған Нұрлан Абдуллин, Ерлан Көкеев, Бүркіт сияқты «пысық»  жұлдыздардың да «табысын жасырып» қалғаны таңқалдырмай қойған жоқ. Қалай  болғанда да, журнал жариялаған тізім тек тойдан түскен табысқа  негізделіпті. Өйткені Қазақстанда концерт қойып байып кеткен әртісті  көргеміз жоқ. Күйтабағын сатып байлыққа кенеліп жатқан әнші де тарихта  болған емес. Сол себепті әншінің жылдық табысын шотқа салып жіберіп  есебін шығару да оңай шаруа емес.

Десе де, қазақстандық шоу-той бизнестегі әншілерді үш деңгейге бөліп  жүр. Бірінші деңгейдегі жұлдыздарға «МузАРТ», «Ұлытау», Батырхан  Шүкенов, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Мақпал Жүнісова, Нұрлан  Абдуллин, «Орда» тобы, Тоқтар Серіков (өзі 5 мың долларға келісетін  Тоқтар тағы 2 мың қоссаңыз, Бейбітті де ерте келетінін ескертеді) сияқты  «акулалар» жатады. Бұл – жарты сағаттық өнері үшін 5000–10000 доллар  сұрайтын орындаушылар.

Орта деңгейдегі әншілерге Бейбіт Қорған, Мақпал Исабекова, Қайрат  Түнтеков, Айқын, Ділназ Ахмадиева, «Лидо», «Тринидад», Парвиз Назаровтар  3000–5000 доллар сұрайды.

«Эконом-классқа» Мәдина Сәдуақасова (2 мың доллар), Қайрат Нұртас (1-2  мың доллар), Меруерт Түсіпбаева, Сырым Исабаев (1 мың доллар), «Кешью»,  Алмас Кішкенбаев, «Текила», «Арнау», «Бәйтерек» тобы (1,5 мың доллар),  Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров (800 доллар) сияқты орындаушылар  жатады. Олар жарты сағаттық өнеріне 500–3000 доллар талап етеді.

Жалпы, шет елмен салыстырғанда бұл айтарлықтай көрсеткіш емес. Шетелдік  әртістер үшін «ставка» деген ұғым таңсық болмаса, қарға тамырлы қазақта  «таныс-тамыр, дос-жаран» деген бастан асады. Сол себепті әншілеріміз  айтылған сомадан анағұрлым аз бағаға да келісіп жатады.

Ал «Қазақстандағы ең бай әртістердің кім екенін» шындап зерттесе, мүлдем  басқа тізім шығуы да ғажап емес. Бәрінен бұрын, аталған тізімді қазақы  менталитеттегі «МузАРТ»-тың бастап тұрғаны көңіл көншітеді. Осыдан бес  жыл бұрын қазақша ғана ән салатын әншінің көш бастауы мүмкін еместей  көрінетін. Қазақы тыңдарманның есепке алына бастағаны да. Кеш те болса,  құтты болсын…

Д.Мәкежан

Дереккөз: halyksozi.kz

Абай атындағы опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды
Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай Абай атындағы Қазақ  мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ұжымына жаңа басшыны  таныстырды.

Театрдың бас директоры болып ҚР еңбек сіңірген әртісі, еңбек  сіңірген өнер қайраткері, доцент, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық  консерваториясының құрметті профессоры, халықаралық байқаулардың бірнеше  дүркін дипломанты және лауреаты Ғабит Несіпбаев тағайындалды.

Анықтама: Ғ.Несіпбаев Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік  консерваториясының фортепиано факультетін (1985) және аспирантурасын  (1987) тәмамдаған.

Қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында органист болып бастады.

Әр жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында  аға оқытушы, доцент, оқу ісі жөніндегі проректор, стратегиялық даму және  ұйымдастыру ісі жөніндегі проректор болып істеді.

2005 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органисі.

«ҚазАқпарат»

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы байқау жариялайды
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы тарихи тақырыптағы  телесериал сценариіне байқау жариялайды. Мақсаты – қазақ халқының  тарихын көрермен қауым назарына жаңаша, қарапайым да ұғынықты тілмен  ұсыну арқылы ұлтымыздың шексіз шежіресін жаңа қырынан ашып, кеңінен  насихаттау. Елім деп еңіреп өткен ерлердің ерен істерін сипаттау арқылы  өткеніміз бен бүгініміз арасындағы байланыс тамырын тармақтап,  халқымыздың бойында отансүйгіштік, өз елінің тарихы үшін мақтаныш  сезімін нығайту.

Байқауға қазақ тіліндегі қолжазбалар қабылданады. Ұсынылған сценарий  жобалары тақырыптың айғақтылығы және оны ашу тереңдігі, дәлдігі және  қонымдылығы жағынан қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Сценарий жобаларын қабылдау 2012 жылғы наурыз айының 5-не дейін  жалғасады. Байқау қорытындысы наурыздың 16-на дейін жарияланады.

Байқау жеңімпаздары Корпорацияның басқарма төрағасы бекіткен көркемдік байқау кеңесінің шешімімен анықталады. Өтінімдер және байқау жұмыстары   010000, Астана қ., Мәскеу к-сі, 37  мекен-жайында қабылданады.  Электронды пошта: rtrk@astana.kazakstan.kz

Әбдіуақап ҚАРА, Түркиядағы Мимар Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, түркітанушы әрі шоқайтанушы ғалым: МҰСТАФА ШОҚАЙ ТҮРКІСТАН ЛЕГИОНЫН ҚОЛДАМАҒАНЫ ҮШІН ӨЛТІРІЛДІ
– Әбеке, сіз саналы ғұмырыңызды Мұстафа Шоқайды  зерттеуге  арнап келе жатқан адамның бірісіз. Жақында азаттық идеясын ту  етіп  ұстаушылардың бірегейі – Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты тағы  бір  еңбегіңіз жарық көрді. Осы еңбегіңізде айрықша, Мұстафаның өмір  жолына  қатысты тың дүние бар ма?

– Мұстафаға қатысты бүгінге дейін  жасаған зерттеулерімізде оның өмірі  мен күрес жолдарын анықтап бердік.  Енді бұдан кейінгі зерттеулерге бұл  детальдардың бүге-шігесін анықтау  міндеті жүктелгелі отыр. Бұл  еңбегімде Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты  бір дүниеге көбірек  тоқталдым. Ол – қайраткердің фашизмге қарсы күресі  туралы. Бүгінге  дейін Мұстафа Шоқай неміс басқыншыларымен бірге жұмыс  істеді деп  айыпталып келгенін білесіз. Осы дерек бойынша көп жылдар бойы  мұрағат  қопарған ғалымдар ештеңе таппады. Соңғы кездері Польшаның  мұрағаттарына  көбірік көңіл бөлінді. Алайда ол жерден де Мұстафа  Шоқайдың  сатқындығын көрсететін, яғни неміс басқыншыларымен бірге жұмыс   істегенін дәлелдейтін ешбір құжат табылмады. Керісінше ғалымдар ол   кісінің неміс басқыншылығына қарсы болғанын дәлелдейтін деректерге   кезігіпті. Біз 2002 жылы осы мәселені көтеріп едік. «Мұстафаның нацист   болғанын дәлелдейтін ешқандай құжат жоқ» деген едік. Енді міне, араға   тура 10 жыл салып барып, бұл пікіріміз дәлелденіп отыр. Көптеген   деректер шығып жатыр. Мұстафа әлеміне қатысты ең үлкен жетістігіміз осы.

Алайда сол қол жеткізген деректерді халыққа жеткізу жағы қиын болып   отыр. Әлі де болса қоғамда М.Шоқайға қатысты түсінбеушіліктер бар.   Бұрынғы, ескі пікірде жүрген адамдар да жетерлік. Том-том мұрағат   ақтарып жүріп қол жеткізген құнды деректеріміздің кең көлемде таралмауы   салдарынан еліміздің өткен жиырмажылдық мерейтойында Мұстафа Шоқайға   қатысты ауыз толтырып айтарлықтай үлкен жұмыстар атқарылған жоқ. Жиырма   жылдықты тойлауға қатысты жасалған ұлттық жоспарда да ештеңе айтылмады.   Тек, бір-екі жоғарғы оқу орындарында ғылыми конференциялар өткені   болмаса.

– Бұл нені көрсетеді? Бәлкім, Мұстафа Шоқай туралы  шындықты әлі  білмей келе жатқан шығармыз? Әлем таныған тұлғаны өз  елімізде таныта  алмауымызға не кедергі? Өз елінде – қазақ топырағынан  шыққан  зерттеушілері жоқ па?

– Зерттеушілер бар. Басында  айтып өттім, тек халық арасында  насихатталмай жатыр. Халықтың  таным-түсінігі кеңестік идеялогиядан  арылмай отыр. Әрине, оған уақыт  керек. Бірақ уақыт керек деп қарап  отыруға тағы бомайды. Зиялыларымыз  жұмыс жасауы керек. Олар ұлттық  сана, ұлттық тарих үшін жұмыс істеуі  қажет. Мұстафаға Қызылордадан  басқа жерге ескерткіш қойылған жоқ. Мектеп  оқулықтарына да  кіргізілгенін байқай алмай жүрміз. Расында, әлем  таныған Мұстафа  Шоқайды қазақтың өзі танымайды деуге болады. Мысалы,  2010 жылы Парижде  Мұстафаға арналып аллея ашылып, алып мүсін қойылды.  Сондай мүсін Қазақ  елінің астанасында неге жоқ? Әлде лайық емес пе?  Өткен 20 жылдықта  осындай мәдени шара болама ма деп күткен едік.  Өкінішке қарай, олай  болмады. Азаттық идеясын ту етіп ұстаған осы бір  азаматтың есімін Алаш  даласында жаңғырту үшін қазақ зиялылары,  ақын-жазушылары қалам тербеуі  керек. Телеарналардан жиі айтылып, деректі  фильмдер көрсетілуі қажет.

– Өткен жылдары М.Шоқайдың өмірінен сыр шертетін көркем фильм түсірілген жоқ па?

–  Иә, түсірілді. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Мұстафа   Шоқай атты жақсы фильм жасады. Бірақ ол да жеткіліксіз. Бір ғана көркем   фильммен, айналасы бірнеше сағаттық лентамен өмір жолы өте бай  тұлғаның  тарихын түгел көрсету мүмкін емес. Оның үстіне режиссердің өз  көзқарасы,  шығармаға беретін реңктері болады. Тарихи фактілерден  ауытқулар болады.  Ол көркем туынды болып шықты. Тарихи фильм емес.  Мұстафаның өмір жолы,  күресі, таным-түсінігі қазақтың санасын ашады.  Осыны түсіне алмай  келеміз. Тәуелсіздік деген ұғымның қасиетін  түсіндіреді. Ұлттық сана  дүркіретіп той өткізумен оянбайды,  қалыптаспайды. Тәуелсіздіктің басы  сонау ата-баба арманында жатқанын,  берісі М.Шоқай мен Әлихан Бөкейханов  бастаған Алаш зиялыларында  жатқанын түйсінбейінше, ештеңе өнбейді. Олар  не үшін құрбан болды? Не  үшін, кім үшін күресті? Әрине, қазақтың  азаттығы үшін. Шетте жүрсек те  біз осыны түйсініп өстік. Олай болмаған  күнде, ұлттық сана мен сана  тәуелсіздігі қалыптаспайды.

– Жалпы, сіз сана  тәуелсіздігі  жайында көп айтасыз. Бұл өзі сонда нені білдіреді?

–  Кез келген ұлттың болашағы жастарға аманатталады. Мұстафа Шоқай да  «Жас  Түркістан» деп атқа қонып, елдің болашағын жастардың қолына аманат   еткісі келді. Ол үшін жастардың, болашақ ұрпақтың санасы тәуелсіз  болуы  тиіс. Қазақ халқы  жеке ел болып,  тәуелсіздік  алғанымызға 20  жыл болып  отыр. Осыдан 20 жыл бұрын Кеңес Одағынан босап шықтық.  Сөйтіп, саяси   тәуелсіздікке  қол жеткіздік. Бірақ сана  тәуелсіздігіне  әлі қол жеткізе  алған жоқпыз.  Сана  тәуелсіздігі  дегеніміз –  халықтың өз-өзіне сенуі,  болашағына сеніммен қарауы. Өз халқының басқа  ешбір халықтан төмен емес  екенін сезінуі. Халық өзіне толық сенген  жағдайда ғана толық   тәуелсіздікке  қол жеткізе алады. Өйткені өзіне  сенген халық тіліне,  діліне, мәдениетіне, ғылымына, салт-дәстүріне,  тіпті елдің экономикасына  ерекше қарап, оны әлемдік деңгейге көтеруге  тырысады. Ал сана   тәуелсіздігі  болмаған халықта өзіне сенбеушілік  пайда болып, болашағын  өзге халықтардан, өзге елдерден іздейтін болады.  Айталық, ондай жағдайда  халық өз ұрпағын қаршадайынан ана тілінде  емес, шет тілдерінде  тәрбиелей бастайды. Сөйтіп, ұлын, қызын немесе  немересін жат тілдегі  балабақшаларға береді. Тіпті бұғанасы қатпаған  баланы Лондонға апарып  тәрбиелегісі келеді. Біз бұл жерде ана тілін  судай білген жеткіншек  балалардың шет тілінде немесе  шет елдерде   білім алуын айтып жатқан  жоқпыз. Біз ана тілін білмей жатып, өзге  тілдерге елігіп жатқандар  туралы айтып отырмыз. Өкінішке қарай, қазіргі  жастардың дені осындай  деңгейде. Жастарды ояту керек. Санасы  тәуелсіздік алған халық бүкіл  күш-қайратын тек өз елінің өркендеуіне  ғана жұмсайды.

Санамыз ғана  емес, төл тарихымыз да тәуелсіздік алған жоқ. Әлі күнге  дейін ұлттық  иедеялогияға негізделген қазақ тарихы жазылған жоқ. Сол  кеңестік  сүрлеумен келеді. Бір ғана мысал, біз Екінші дүниежүзілік  соғысты Ұлы  отан соғысы дейміз. Бұл – кеңестік көзқарас. Ол – Ұлы Отан  соғысы емес  екінші дүние жүзілік соғыс. Күллі әлем осылай дейді. Кеңес  Одағы біздің  Отанымыз емес. Оны мойындау керек. Кеңестер Одағы біздің  Отанымыз болса  неге жеке ел болып, тәуелсіздік алып, бөлек шықтық?

Сонау 1917 жылы  Алаш арыстары Алашорда үкіметінің негізін қалады.   Кеңестер Одағы оны  белінен басты. Кейін Мұстафа Шоқай Түркістан  муфтариатын құрды. Оны да  жоқ қылды. Кеңес билігі бізге зорлықтан  таңылған үкімет.  Оны біз  ешқашан мойындамаймыз.

– Сонда кеңес армиясында жүріп, шахид болған азаматтарымыз босқа қаза тапты ма? Олар сонда кім үшін жанын қиды?

–  Олай емес, олар босқа өлген жоқ. Алғы шепте жүріп, ажал құшқан   боздақтарымыз – нағыз батырлар! Кезінде Кеңес Одағын «Отанымыз» деп   санадық. Майдан даласында жүрген боздақтарымыз да: «Отан үшін алға!», –   деп жан тапсырды. Ал қазір жағдай мүлдем басқаша. Ол соғысты кейінгі   ұрпаққа Ұлы отан соғысы емес, екінші дүние жүзілік соғыс деп оқытуымыз   керек. Еліміз жеке ел болып, тәуелсіз болған тұста кері шегініп, қанау   мен тонаудан аса алмаған сол бір қоғамды аңсап, бодандықты қайта   дәріптеудің қажеті қанша? Соғыс қазақ даласына жеткен жоқ. Орыс халқымен   бірге қазақ жауынгерлері соғыс оты шарпыған мемлекеттерді азат етті  деп  тануымыз қажет. Болашақ ұрпақты кеңестік жүйенің қазіргі қалдығы –   Ресей мемлекеті осы ерлігіміз үшін түркі халықтарына қарыздар деп оқыту   қажет. Керек болса, фашизм лаңынан құтқарғанымыз үшін күллі Еуропа  халқы  қарыздар деп сезінуіміз керек емес пе?

– Тарихи қателіктер  дегеннен шығады, Түркістан легионы туралы,  әлі де болса, түсініксіз  жайттар көп. Легионда болған азаматтар Отанына  сатқындық жасады деген  түсініктен арылмай келе жатқандаймыз…

– Сіздің не айтқыңыз  келіп отырғанын жақсы түсініп отырмын. Соғыс  кезінде күллі одақ аясында  болған 17 мемлекеттен барлығы екі миллионнан  астам адам немістердің  тұтқынына түсті. Олардың тең жартысы немістің  өлім лагерьлерінде азап  пен аштықтан, әр түрлі аурудан ажал құшты. Ал  тірі қалғандары амалсыздан  Түркістан легионына кірді. Легионда қазақтан  басқа да көптеген  халықтардың өкілдері болғанын білесіз. Легионға  қатысқандар екінші  дүниежүзілік соғыс кезінде қылышынан қаны тамып  тұрған Сталин билігі  кезінде кеңестік армия қатарына алынып, өз туған  жерінен мыңдаған  шақырым алыста жүріп соғысты. Бақайшағына дейін  қаруланған неміс  әскерлеріне қарсы болды. Қырылғаны қырылып, тірі  қалғаны немістің  тұтқынына түсіп жатты. Ал одан кейін немістер оларға:  «неміс әскері  боласыңдар, Түркістан легионына қатысып, туған елдеріңе  тәуелсіздік алып  бересіңдер. Жеңіске жетсек, Түркістанға тәуелсіздік  алып береміз», –  деп Кеңес өкіметіне қайта қарсы салды. Ақырында соғыс  аяқталды. Әлемде  тыныштық орнады. Бірақ легионға қатысқандардың азабы  онымен бітпеді.  Олар соғыс тұтқыны емес, сатқын атанып, Сталиннің  құрығына ілінді. Тірі  қалу үшін шет елде қалудың жолын іздеп, шарқ  ұрды. Адам айтқысыз  жағдайларда өмір сүрді. Оларды ұлтына қарсы  соғысқан адамдар деп қарауға  болмайды.

Шындығына келгенде, неміс басқыншылары оларға тәуелсіздік  бермейтін  еді. Оны тарихи деректер де растап отыр.  Германияның Сыртқы  істер  министрлігінің мұрағаттарында Гитлердің Орталық Азия халықтарын  ешқашан  тәуелсіз ел қылмау туралы құжаттары сақтаулы тұр. Олардың  мақсаты –  Орталық Азия халқын қызыл жүйеден де әрмен қанау еді. Бірақ  кейбір  азаматтар бұл уәдеге сенбеді. Солардың бірі – Мұстафа Шоқай  болды. Оған  немістер Түркістан легионының қолбасшылығын ұсынды. Бірақ ол  бас  тартты. Өйткені фашизмнің жымысқы саясатын білді. Легионға  қатыспады.  Бас тартып, үйіне қайтып бара жатқан тұста уланып қайтыс  болды.  Өкінішке қарай, кеңес уақыты кезінде М.Шоқай бабамызға орынсыз  күйе  жағылды. Оны халық жауы ретінде насихаттап жатты. Ол Түркістан  легионын  қолдамағаны үшін өлтірілді.

– Тағы да сол Мұстафа  Шоқай туралы. Ол кісі Анадолы елін  «Түркия – түркітілдес халықтардың  екінші отаны» деп бағалаған екен.  Екінші отанында тұрып жатқан  қазақтардың қазіргі жай-күйі туралы айта  кетсеңіз?

– Шет  елдегі қазақтар дегенде, оларды екіге бөліп қарауға тиіспіз:  Жақын шет  ел қазақтары және алыс шет ел қазақтары деп. Жақын шет ел  қазақтарына  Қазақстанмен шекаралас – Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан  сияқты  елдердегі қаракөздер жатады. Алыс шет ел қазақтары деп  Иран,  Түркия  және Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты Еуропа елдеріндегі   қандастарымызды айтамыз. Соның ішінде Түркиядағы қазақтар да бар.   Бұлардың проблемалары, кемшіліктері немесе артықшылықтары да екі түрлі.   Атап айтқанда, жақын шет ел қазақтарының сан басымдығы жоғары. Олар жүз   мыңдап, тіптен миллиондап саналады. Сол себепті олардың тілдік   проблемалары аз болады. Алайда экономикалық және саяси қиыншылықтары да   жетерлік. Олар үшін Қазақстанға барып-келу де кейде қиынға түсіп  жатады.  Ал алыс шет ел қазақтарының ондай проблемалары жоқ деуге  болады.  Қазақстанға қашан, қай уақытта келем десе, жол ашық. Емін-еркін   келіп-кетіп жүр. Олар дамыған демократиялық елдерде тұрады. Бірақ   қазіргі уақытта олардың ана тілі мен ұлттық мәдениетіне қауіп төніп тұр.   Бұл Түркия қазақтарына да қатысты болып отыр. Жас ұрпақ ана тілінен   жұрдай болып өсіп келеді. Түркиядағы қазақтардың саны аз. 70 миллион   халқы бар елде небәрі 10-15 мың қазақ өмір сүруде. Тұрмыс-тіршіліктері   жақсы дегенмен, бұл жақтағы қазақтардың саяси рөлі көздеген деңгейден   көп алыста жатыр.

– Шеттегі қандастарымызды жақын арада Отанына әкелмесек, олардың ертеңгі тағдыры қалай болуы мүмкін?

– Ал алыс шет ел қазақтарының бірін қалдырмай көшіріп әкелгеннің өзінде   де олардың ұлттық демографияға қосар үлесі жоқтың қасы. Одан   Қазақстанға пайда жоқ. Керісінше, сол орынды қазақ ретінде сақтап қалу   үшін күресу керек. Олардың барлығы дамыған еуропалық елдерде тұрады. Ол   жердегі қазақтарды сол елдің саясатына ықпал ететін жағдайға,   Қазақстанның имиджін көтере алатын деңгейге шығарудың бағдарламалары   жасалуы керек. Бұл тұрғыда жақын арада нақты шаралар қолға алынбаса,   айналасы бес-он жылда сол елдерде аты мен келбеті қазақ болғанымен, заты   мен рухы бөлек еуропалықтармен айналысуға тура келетін түріміз бар.

Бүгінде  әлемде 15 млн. қазақ бар болса, соның 10 миллионы өз елінде, 5  миллионы  шет елдерде жүр. Халқымыз бір Стамбулдың халқындай ғана. Ал  жеріміз  Түркиядан үш жарым есе үлкен. 300 млн. халық сыятын  атамекеніміз бар.  Сөйте тұра шетте жүрген бес миллионы қазақты көре  алмаймыз. «Анау»  дейміз, «мынау» дейміз. «Олар байдың тұқымы,  қашқындар» дедік. Оларда  бай жоқ. Мысалы, Түркияда тұратын қазақтар  аш-жалаңаш, ауру-сырқаудан  қырылып әрең жеткен екен Анадолы еліне. Ал  келген қазақтың өзін  «оралман» деп ат қойып, айдар тағып бөліп отырмыз.  «Моңғолдық, қытайлық,  өзбектік» деп.  Қазақтың қазақтан айырмасы жоқ.  Қазақ халқы – меймандос  халық. Тіптен өңі түгілі түсіне де кірмеген  халықтарды бауырына басты.  1953 – 1956 жылдары аралығында тың игеру  деген желеумен екі миллионға  жуық славян халықтарын әкеліп төкті.  Солардың бәрін бауырымызға бастық.  Солар үшін жағдай жасалды. Бас-аяғы  бірнеше жылда осыншама адамды үймен  қамтамасыз еттік. Ал жеке ел болған  тұста, сол қазақ халқы бір миллион  қазақты бауырына баса алмай отыр.  Бұл аса өкінішті жағдай.

–	Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Бүркіт – НҰРАСЫЛ

Фото: Алаш айнасынікі

Халық сөзі

Қазақстандық «Құлансаз» ансамблі Нью-Йоркте сәтті өнер көрсетті
-  2010  жылы  құрылып, тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ оның шекарасынан тыс   жерде де сәтті өнер көрсетіп жүрген «Құлансаз» музыкалық ансамблінің көнцерті Нью-Йоркте өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің   баспасөз қызметі.

Америка жұртшылығының назарын аулау Қазақстанның 20 жылдығына  орай әрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 4-ші съезі  қарсаңында Қазақстан Республикасы Бас Консулдығының арнайы   ұйымдастыруымен Нью-Йоркте өткен өнер көрсетуден басталды.

Ұлттық аспаптарда «Қарасай», «Қызыл қайың серпер»мен«Көроғлы» күйлерін,  қазақ әндері мен білерін орындай отырып, өнерпаздар көрермендерді  көшпенді елдің шексіз даласы мен мәдениетіне саяхат жасатқандай болды.  Сондай-ақ әлемнің классикалық туындылары қазақ аспаптарынан америка  сахнасында төгілгенде, тіптен бөлек, жаңаша әсер қалдырады екен.

Осындай бірегей өнерді тамашалау ешбір көрерменді бей-жай қалдырмады. ҚР  СІМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық әртістердің өзіне тән  ерекше өнерін жылы қабылдап, сосыншалықты қошемет көрсету бұрыннан  қалыпты жағдайға айналса керек.

«Құлансаздың» АҚШ бойынша бағдарламалық турына сәйкес, мұндай концертті  енді Вашингтон мен Лос-Анджелес сахнасында өткізу жоспарланып отыр.

НЬЮ-ЙОРК. 21 ақпан. BNews.kz

Болат Атабаев Гёте медалімен марапатталды
–  Қазақстандық  театр  режиссері, Неміс  театрының негізін салушы  Болат  Атабаев  Гёте  медалімен  марапатталды, – деп хабарлайды  Қазақстандағы  Гете  институтының  баспасөз қызметі.

«Гёте-Институт  2012 жылы  қазақстандық режиссер Болат  Атабаевты  Гёте  медалімен марапаттайды. Сол арқылы Германиядағы  Мәдениет институты жыл  сайын  неміс тілі мен халықаралық мәдениет  байланысын дамытуға ықпал  еткен жекелеген тұлғаларды атап өтеді», –  делінген хабарламада.

Германия Федеративтік Республикасының ресми орденін  2012 жылдың  28   тамызында Веймар қаласында  Гёте-Институт президенті  Клаус-Дитер Леманн   тапсырады.

АЛМАТЫ. 20  ақпан. BAQ.KZ

Еліміздің 16 әншісі «Чемпион» жобасы аясында жұдырықтасудан бақ сынамақшы
Еліміздің шоу-бизнес әлемінде танымал әншілер енді жұдырықтасудан да бақ  сынамақшы. Шаршы алаңға шығып, бокстан өнер көрсетуге ниет білдірген он  алты жұлдыздың қайсысына аталған жобаның басты сыйы – джип автокөлігі  бұйырар екен?

Наурыз айынан бастап, отандық арнада жұлдыздар шаршы алаңда күш  сынасады. Олар «Чемпион» жобасында 2 санат бойынша бәсекеге түспек.

Жалпы, жобаға 16 әнші қатысады. Ал 3 әділқазы олардың шеберліктерін қадағалап, жеңімпазды анықтайды.

«Чемпион» жобасына қатысушылар тізімінде Айқын Төлепберген, Арыстан  Мырзагереев, Ринат Малцагов, Дастан Оразбеков, Азамат Сатыбалды,  «Жігіттер» тобы, Шамси, Еркін Мәулен және тағы да басқа әншілер бар.

Жобаның атқарушы продюсері – Алтынбек Рахметов болса, жүргізуші ретінде  Сабина Саяқова мен Нұрлан Еспанов таңдалды. «Чемпион»  бағдарламасына  арнайы әнұранды Рүстем Нұржігіт жазып шықты.

Сарапшылардың айтуы бойынша, бұл жоба еліміздегі ең танымал және үлкен сұранысқа ие  бағдарламалардың бірі болады.

Дереккөз: 1tv.kz

Қазақ жастары Түркияда Сана студенттік клубын құрды
– Ыстамбұлда қазақ жастарының ұйымдастыруымен «Сана» атты студенттік клуб құрылды. Клубтың басты мақсаты студенттер арасында байланысты күшейту, сапалы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Клуб төрағалығына қазірде Түркияда білім алып жатқан қазақстандық журналист Ержан Қалымбай сайланған. Бұл туралы Стамбұлдағы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қара мәлімдеді.

«Студенттер бұл туралы жиналысты Ыстамбұл қаласындағы Қазақ  түріктері қорында өткізді. Оған жағдай жасаған қор төрағасы Абдуақап  Қылышқа алғыстарын айтты», — дейді Әбдіуақап Қара. Сонымен қатар, бас  қосуға Қазақстан консулдығының өкілі де қатысып, студенттерге табыс  тілегенін айтады дереккөзі. Осы отырыста студенттердің елге барып қайту  үшін тегін ұшақ билетін ұйымдастыру мәселесі қолға алынатыны жайында  хабарлаған.

Профессордың айтуынша, жиылғандар Студенттік клубтың төрағалығына  қазірде Түркияда білім алып жатқан қазақстандық журналист Ержан  Қалымбайды сайлаған.

«Мұндай жиналыстар 15 күн сайын жасалмақ. Жиналыстардың күні және орны клуб тарапынан алдын ала хабарланбақ болды» дейді ол.

ЫСТАМБҰЛ. 20 ақпан. BAQ.KZ