Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

Қазақстанның оқу ордаларында 600 мыңнан астам студент білім алады

Қазақстанның ЖОО  600 мыңнан астам студент білім алады, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасында 2011/2012 оқу жылының басына 146 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) жұмыс істеді, ондағы студенттердің жалпы саны 629 507 адамды құрады. ЖОО-ның жалпы санынан 53-і мемлекеттік болып табылады, оларда 311 333 адам оқиды немесе барлық ЖОО турлерінде оқитындардың 49,5%. Студенттердің жалпы санынан  қыздар 58,2 %, жігіттер 41,8%-ды құрайды.

Мемлекеттік білім гранттарының есебінен 134 036 адам, немесе студенттердің жалпы санынан 21,3 %-ды құрайды, мемлекеттік білім тапсырысының есебінен 11 181 адам немесе 1,8 %, ақылы негізде – 484 290 адам немесе 76,9 % білім алады.

Студенттердің жалпы санынан 360 894 адам немесе 57,3% оқытудың күндізгі түрі бойынша оқиды, 259 531 адам немесе 41,2% – сырттай, 9 082 немесе 1,4% – кешкі түрі бойынша оқиды.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің саны 342 593 адамды құрады. ЖОО-да оқыту қазақ тілінде оқытумен қатар орыс, ағылшын, араб және неміс тілдерінде жүргізіледі.

2011/2012 оқу жылының басына республиканың ЖОО-да 85-тен астам ұлт өкілдері оқыды. Оқитын қазақтардың үлес салмағы 78,3%, орыстардың – 14,6%, өзбектер, украиндар, татарлардың 0,8-1,5 % шегінде, өзге ұлттар – 3,8% құрады.

Қаралып отырған оқу жылында оқытуға және дайындауға 197 228 студент қабылданды, бұл 2010/2011 оқу жылына қарағанда 4 329 адамға немесе 2,2%-ға артық.

2012/2011 оқу жылы бітіріп шыққан білікті мамандар 160 934 адамды құрады бұл 2010/2011 оқу жылымен (161 964 адам) салыстырғанда 0,6%-ға кем.

Бакалаврлардың саны 597 040 адамды, жоғары арнайы білім алып жатқандардың саны 31 494 адамды құрайды.

Республиканың ЖОО-да оқитын студенттердің жалпы санында едәуір үлес салмақ келесі мамандықтарға тиесілі: әлеуметтік ғылымдар және бизнес – 24,7%, педагогикалық мамандықтар – 23% және техникалық ғылымдар және технологиялар – 20,4 %.

Штатта тұратын профессорлық-оқытушылық құрамның саны 40 531 адам, қоса атқарушылық қызмет бойынша 6 322 оқытушы жұмыс істейді. Профессор-оқытушы қызметкерлердің 9%-ының ғылым докторы, 36,3% – ғылым кандидаты, 6,6% – профессор және 17,8 % – доцент ғылыми дәрежесі бар. Магистрдің академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны 6 057 адам немесе 14,9%, философия докторы  (PhD) – 473 адам немесе 1,2 %.

ЖОО барлық ғимараттарының жалпы алаңы 5 039,3 мың шаршы метрді, оқу-зертханалық ғимараттардың жалпы алаңы – 2 877,9 мың шаршы метрді құрайды.

Дереккөз: BNews.kz