Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

Қазақстанда білім және инновациялық технологиялар орталығы ашылады

2012 жылы Қазақстанда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жанынан Білім және инновациялық технологиялар орталығы ашылмақ. Бұл туралы бүгін «2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» ҚР денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жыл қорытындысы» тақырыбында өткен үкімет сағатында ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

«Бүгін Үкімет басшысы инновациялық қызметті дамыту және әлеуметтік инновацияны қолдау тетіктерін құру бойынша нақты міндеттер қойды. Ведомстволық жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2011 жылы Назарбаев университетімен бірлесе отырып Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы жанынан Білім және инновациялық технологиялар орталығын ашпақпыз», – деді С.Қайырбекова.

Ақпарат BNews.kz сайтынан