Сауалнама

At what level is your Kazakh?На каком уровне ваш казахский язык?Қазақ тілін қаншалықты меңгергенсіз?

Нәтижені қарау

Loading ... Loading ...
Тіркелу

Әртістердің, фонограмма жасаушылардың құқықтарын қорғайтын Рим конвенциясы қабылданды

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.

Аталған құжат Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастырудың шеңберінде зияткерлік меншікті сақтау мен қорғау саласындағы бірыңғай қағидаттар туралы келісімге сәйкес әзірленген.

Ал 1961 жылғы 26 қазанда Римде қабылданған орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция адамның мәдени құқықтары, егеменді мемлекеттер арасындағы зияткерлік меншік мәселелері бойынша қатынасты реттеуге бағытталған. Конвенцияға қатысушы барлық елдердің аумағындағы қайсыбір қатысушы мемлекеттердің орындаушы әртістері, фонограмма жасаушылары, хабар тарату ұйымдарының қызметкерлері осы халықаралық құқықтық құжаттың қорғауын пайдаланады.

Қазақстан халықаралық мәдени және ғылыми техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретінде, Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымының мүшесі бола отырып, қазақстандық болсын, сондай-ақ шетелдік болсын құқық иеленушілердің қабылданған әлемдік стандарттарға жауап беретін деңгейдегі зияткерлік меншікке арналған құқтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстанның Рим конвенциясына қосылуы және өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауы еліміздің әлемдік қоғамдастықтағы оң беделін қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Парламент қабылдаған заң Елбасының қол қоюына жіберіледі.